Ереже

Жеке сот орындаушыларының

республикалық палатасы төрағасының

2015 жылғы «20» ақпандағы

№ 1 бұйрығымен бекітілген

 

Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының

Алматы қаласындағы филиалы –  Алматы қаласы

Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

1.1. Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының Алматықаласындағы филиалы – Алматықаласы Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасын Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы (бұдан әрі – Республикалық палата) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1, 161, 162-баптарына, Республикалық палатаның Жарғысына сәйкес құрылған.

1.2. Өңірлік палата Республикалық палатаның жерінен тысқары орналасқан және оның функцияларын, оның ішінде өкілдік функциясын жүзеге асыратын оның оқшауланған бөлімшесі болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Республикалық палатаның Жарғысын басшылыққа алады.

1.3. Өңірлік палата заңды тұлға болып табылмайды және Жарғымен, осы Ережемен белгіленген өкілеттіктер мен Республикалық палатаның оның басшысына берген сенімхаты шегінде әрекет етеді.

1.4. Өңірлік палата басшысының заңнаманы, Жарғыны, Ережені және сенімхатта ұзартылған өкілеттіктерді бұзумен жүзеге асырылған әрекеттері салдарынан болған міндеттемелерден басқа, Өңірлік палатаның міндеттемелері бойынша жауапкершілікті Республикалық палата алады.

1.5. Өңірлік палатаға оны заңды тұлға ретінде құрған мүлік бөлінеді және осы ереженің негізінде әрекет етеді.

1.6. Өңірлік палатаның мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрі мен мөртабаны, белгілі үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банктерде (банктердің аумақтық бөлімшелерінде) есеп шоттары мен өзге шоттары болады.

1.7. Өңірлік палата өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте бұйрықтар шығарады.

1.8. Өңірлік палатаның құрылымы мен штаттық санының лимиті Республикалық палата Төралқасының шешімімен бекітіледі.

1.9. Республикалық палата қызметінің мәні:

1.9.1. Қазақстан Республикасы аумағында жеке сот орындаушыларының қызметін үйлестіру;

1.9.2. өңірлерде Республикалық палата филиалдарының қызметін ұйымдастыру;

1.9.3. мемлекеттік билік және басқару органдарында, мемлекеттік емес ұйымдарда Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттерінің сот органдарында, халықаралық ұйымдарда жеке сот орындаушылары қауымдастығының мүдделерін ұсыну болып табылады.

1.10. Республикалық палатаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, инд. 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, 26 және 36 көшелердің қиылысы, 9-үй.

Республикалық палатаның толық атауы:

– мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасының Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы»;

– орыс тілінде: «Республиканская палата частных судебных исполнителей Республики Казахстан». Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қ. Әділет департаменті берген 2015 жылғы 18 ақпандағы 10100094165637 заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік;

1.11. Өңірлік палатаның заңды мекенжайы:

 

Толық атауы – «Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының Алматы қаласындағы  филиалы – Алматықалалық Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы»,

орыс тілінде – «Филиал Республиканской палаты частных судебных исполнителей в городе Алматы– региональная палата частных судебных исполнителей города Алматы».

 

  1. Қызметінің мақсаттары мен мәні

 

2.1. Өңірлік палатаны құрудың мақсаты Алматықаласы аумағында жеке сот орындаушыларының қызметін үйлестіру, мемлекеттік билік және басқару органдарында, мемлекеттік емес ұйымдарда, Қазақстан Республикасының сот органдарында және қатынастары тиісті шарттармен белгіленген шет мемлекеттерінің сот органдарында олардың мүдделерін ұсыну болып табылады. Өңірлік палата жеке сот орындаушыларының әлеуметтік, кәсіби құқықтарын қорғауды жүзеге асырады, жеке сот орындаушыларының қызметін дамытуда көмек көрсетеді және ықпал жасайды.

2.2. Өңірлік палатаның негізгі міндеті жеке сот орындаушыларының өз міндеттерін орындауын ұйымдастыру, сондай-ақ азаматтық құқықтық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

2.3. Өңірлік палата қызметінің негізгі мәні:

2.3.1. мемлекеттік органдарда, ұйымдарда жеке сот орындаушыларының мүдделерін ұсыну және қорғау;

2.3.2. атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметін дамытуда көмек көрсету және ықпал жасау;

2.3.3. жеке сот орындаушыларының атқарушылық әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасын сақтауына кәсіби бақылауды жүзеге асыру;

2.3.4. келіп түскен шағымдарға және мүдделі тұлғалардың өзге өтініштеріне байланысты жеке сот орындаушысынан жасалған атқарушылық әрекеттер туралы мәліметтерді, оның қаржылық-шаруашылық қызметіне қатысты өзге құжаттарды, жеке түсініктемелерін, оның ішінде кәсіби этиканы сақтамау мәселелері бойынша түсініктемесін талап ету;

2.3.5. жеке сот орындаушысының лауазымына үміткер тұлғаларға тағылымдама ұйымдастыру;

2.3.6. білім ұйымдарымен бірлесіп, жеке сот орындаушыларына растау құжаттарын берумен оқыту (біліктілікті арттыру) жүргізу;

2.3.7. уәкілетті органға жеке сот орындаушысының лауазымына тағайындау үшін үміткерлерге ұсыныстар (қолдаухаттар) енгізу;

2.3.8. заңнаманың, Жеке сот орындаушыларының кәсіби ар-намыс кодексінің, Жарғының талаптарын сақтау мәселелері бойынша тәртіптік комиссия құру және жұмысын ұйымдастыру;

2.3.9. жеке сот орындаушыларының өздерінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде келтірген залалды өтеу бойынша міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыру;

2.3.10. жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру және тоқтату туралы ұсыныстар енгізу;

2.3.11. жеке сот орындаушылары міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда, атап айтсақ жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге талаптарын бұзғаны туралы уәкілетті органның аумақтық органына хабарлау;

2.3.12. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасын қолдану тәжірибесін жинақтау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;

2.3.13. жеке сот орындаушыларының орталықтандырылған құжаттар мұрағатын жүргізуді қамтамасыз ету;

2.3.14. талдау және зерттеу жұмысын жүзеге асыру;

2.3.15. атқару округы шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 145-бабының талаптарына сәйкес жолдамалар беру;

2.3.16. уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөлу;

2.3.17. жарғылық міндеттерден туындайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру болып табылады.

 

  1. Өңірлік палатаның құқықтары мен міндеттері

 

3.1. Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшін Өңірлік палата Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай құқықтарға ие:

3.1.1. өз қызметі туралы ақпарат тарату;

3.1.2. соттарда және басқа мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда, қоғамдық бірлестіктерде жеке сот орындаушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін ұсыну және қорғау;

3.1.3. Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына немесе уәкілетті органға өзінің атқару округындағы жеке сот орындаушыларының саны туралы ұсыныстар енгізу;

3.1.4. жеке сот орындаушысының атқарушылық әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) заңнамаға сәйкестігі мәселесін қарау кезінде жеке сот орындаушысынан мәліметтерді, құжаттарды, қажет болған жағдайда жеке түсініктемелерін, оның ішінде кәсіби этиканы сақтамау мәселелері бойынша түсініктемесін талап ету;

3.1.5. баспа қызметін жүзеге асыру;

3.1.6. өз атынан жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иемдену;

3.1.7. түрлі кәсіпорындар мен ұйымдарды, сондай-ақ жеке тұлғаларды әріптестікке шақырып, олардан өңірлік палатаның қызметін кеңейтуге бағытталған қайырымдылық, демеушілік көмек алу;

3.1.8. атқару округы шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 145-бабының талаптарына сәйкес жолдамалар беру;

3.1.9. уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөлу;

3.1.10. әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек, сондай-ақ Республикалық палатаның қызметі туралы толық ақпарат алу;

3.1.11. заңнамада белгіленген тәртіппен банктерде шоттар ашу;

3.1.12. Республикалық палатаға жүктелген міндеттерден туындайтын өзге өкілеттіктерді орындау;

3.1.13. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы Жарғыда көзделген өзге де құқықтары болу;

3.1.14. Республикалық палатаға жеке сот орындаушысының мүшелігін жою немесе тоқтата тұру туралы ұсыныстар жолдау;

3.1.15. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3.2. Өңірлік палата:

3.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ Жарғыда көзделген нормаларды сақтауға;

3.2.2. жеке сот орындаушыларын, олардың құқығы мен мүддесін қозғайтын құжаттармен және шешімдермен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етуге;

3.2.3. Республикалық палатаға ақшалай қаражаттарының түсімдері мен шығындары туралы хабарлауға;

3.2.4. Республикалық палатаға өзінің қызметі туралы ақпарат беруге;

3.2.5. Республикалық палатаның жұмыс тапсырмаларын, сұрау салуларын, сондай-ақ жоспарлы іс-шараларын уақтылы әрі сапалы орындауға;

3.2.6. Республикалық палата Басқармасының шешімдерін орындауға;

3.2.7. заңнамаға және осы Жарғыға сәйкес өңірлік палатаға жүктелген міндеттерді орындауға міндетті.

 

  1. Өңірлік палатаның қызметін ұйымдастыру

 

4.1. Өңірлік палатаның басшысы Республикалық палата Басқармасы төрағасының бұйрығымен жеке сот орындаушылары ұсынған, атқарушылық іс жүргізу саласында үш жылдан кем емес жұмыс өтілі бар бірнеше үміткерлерден тағайындалады.

Үміткерлер болмаған жағдайда Өңірлік палатаның басшысы Республикалық палата Басқармасы төрағасының бұйрығымен өз еркімен тағайындалады.

4.2. Өңірлік палатаның басшысы Республикалық палатаның өзге сайланбалы лауазымдарына (Төралқа мүшелері, Басқарма Төрағасы және мүшелері, тексеру комиссиясының мүшелері) орналаса алмайды.

4.3. Өңірлік палата басшысының қызметі сенімхат негізінде және Республикалық палатаның штаттық кестесіне сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады.

4.4. Жеке сот орындаушысы өңірлік палата басшысының міндеттерін орындау кезінде сот және өзге актілерді орындау бойынша өзінің қызметін тоқтата тұрады.

Өңірлік палата басшысы өңірлік палаталарда өңірлік палата басшысының лауазымына ақысыз негізде орналасқан жағдайда, ол өзінің сот және өзге актілерді орындау бойынша қызметін тоқтатпауына болады.

4.5. Республикалық палатаның Өңірлік палата басшысы лауазымына тағайындау туралы бұйрығы шыққан кезден бастап Өңірлік палата басшысы өзінің өкілеттігін орындауға кіріседі және Республикалық палатаның лауазымынан босату туралы бұйрығы шыққан кезден бастап тоқтатады.

4.6. Өңірлік палатаның басшысы:

4.6.1. Басқарма шешімдерінің орындалуына бақылауды ұймдастырады;

4.6.2. жұмысты ұйымдастырады әрі басшылық жасайды және өңірлік палатаға жүктелген мідетредің орындалуына әрі өзінің функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауапкершілікті алады. Мемлекеттік билік және басқару органдарымен, сот органдарымен, мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдармен қатынаста өңірлік палатаны ұсынады.

4.6.3. өңірлік палатаның құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;

4.6.4. банк мекемелерінде есеп шоттар ашады;

4.6.5. өңірлік палата атынан хат алмасуды жүргізеді;

4.6.6. жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

4.6.7. бекітілген смета шеңберінде өңірлік палатаның қаражаттарына билік етеді, өңірлік палата қызметкерлерінің қызметін үйлестіреді;

4.6.8. өңірлік палатаның іс қағаздарының жүргізілуіне, жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың міндеттілігіне бақылауды жүзеге асырады;

4.6.9. өңірлік палата шешімдерінің, жоспары іс-шараларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

4.6.10. Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының жұмыс тапсырмаларын, сұрау салуларын, сондай-ақ жоспарлы іс-шараларын уақтылы әрі сапалы орындауды қамтамасыз етеді;

4.6.11. өңірлік палатаның ағымдағы қаржылық-шаруашылық қызметіне басшылыққа бақылауды жүзеге асырады, бұйрықтар шығарады және береді;

4.6.12. өңірлік палата аппаратының барлық қызметкерлеріне орындауға міндетті нұсқаулар береді;

4.6.13. Республикалық палата Төралқасының шешімімен бекітілген штаттық кесте негізінде өңірлік палата аппаратының қызметкерлерін қабылдауды және босатуды жүзеге асырады;

4.6.14. Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына өңірлік палатаның қызметі туралы ақпарат береді;

4.6.15. атқару округы шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 145-бабының талаптарына сәйкес жолдамалар береді;

4.6.16. уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөледі;

4.6.17. Республикалық палата Төралқасының шешімімен бекітілген регламентке сәйкес өңірлік палатада тәртіптік комиссияны құрады. Оны басқарады және жеке сот орындаушыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешімді қабылдайды;

4.6.18. әкімшілік-аумақтық қалаларға, облыс аудандарына, қаланың аудандарына бөлуге сай атқарушылық округте жеке сот орындаушыларын өзі белгілеуді ұйымдастырады;

4.6.19. Республикалық палатаның функцияларын орындау үшін қажетті міндетті мүшелік жарналар мен басқа да төлемдерді төлеуді бақылау мен ұйымдастыруды жүзеге асырады;

4.6.20. куәліктер мен жеке мөртабанды жасау мен беруді ұйымдастырады;

4.6.21. жеке сот орындаушысының қызметіне тағылымдамадан өтушілерге заңнамаға сәйкес тағылымдаманы ұйымдастырады, тағылымдама басшысын белгілейді;

4.6.22. жеке сот орындаушыларының кәсіби деңгейін арттыру бойынша оқытуды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

4.6.23. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және осы Жарғымен көзделген өзге де құзыретті орындайды.

 

Өңірлік палатаның басшысы Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының жұмыс тапсырмаларын, сұрау салуларын, сондай-ақ жоспарлы іс-шараларын уақтылы әрі сапалы орындамағаны, сондай-ақ  Республикалық палатаның Жарғысы мен осы ережені сақтамағаны үшін жауапкершілікті алады.

 

  1. Өңірлік палатаның мүлкі

 

5.1. Өңірлік палатада Республикалық палатаның мүлкінен оқшауланған мүлкі жоқ.

5.2. Республикалық палата Өңірлік палатаға негізгі және айналым қаражатын бөледі, оны Республикалық палатаның жеке балансында және жинақтық балансында көрсетеді.

5.3. Филиалдың балансындағы мүлік Республикалық палатаның мүлкі болып табылады.

5.4. Өңірлік палата Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Республикалық палатаның талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде жедел, бухгалтерлік, салық және статистикалық есептілікті жүзеге асырады және ұсынады.

5.5. Өңірлік палатаның қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруді Республикалық палата Басқармасының бастамасымен мамандар, тексеру комиссиясының мүшелері жүргізеді.

 

  1. Өңірлік палата қызметінің тоқтатылуы

 

6.1. Өңірлік палатаны қызметінің тоқтатылуы Республикалық палатаның шешімімен жүргізіледі.

6.2. Өңірлік палатанының қызметін тоқтату кезінде тарату комиссиясы тағайындалады, оған өңірлік палатаның істерін басқару беріледі. Тарату комиссиясы жеке баланстағы мүлікті бағалайды, тарату балансын жасайды және оны Республикалық палатаға береді.